Қауымдастық ережелері
Күшіне енген күні: 2026 жылғы 19 қазан · Құпиялылық саясаты
Тілдесу — қазақша сөйлеуге ұялатын адамдарға арналған кеңістік. Мұнда қате жіберу қалыпты. Ережелер барлығына қауіпсіз әрі жайлы болу үшін керек.
1. Кімдер қатыса алады
- Тек 18 жастан асқандар.
- Бір адам — бір аккаунт. Аккаунтты басқаға беруге болмайды.
2. Әңгіме кезінде
- Қазақша сөйлесуге тырысыңыз. Сөз таппасаңыз, «Қалай еді?» батырмасын немесе орысша сөзді қолдануға болады — бастысы, әңгіме тоқтамасын.
- Сұхбаттасыңызды сыйлаңыз: оның қатесін келемеждемеңіз, сөзін бөлмеңіз, оған да сөйлеуге мүмкіндік беріңіз.
- Әңгімені оның келісімінсіз жазып алмаңыз және ешкімге таратпаңыз.
3. Тыйым салынады
- Қорлау, қорқыту, қудалау, біреуді ұлтына, дініне, жынысына, денсаулығына қарай кемсіту.
- Жыныстық сипаттағы әңгіме мен ұсыныстар.
- Телефон нөмірін, мекенжайды, әлеуметтік желі аккаунттарын сұрау немесе талап ету.
- Жарнама, спам, ақша сұрау, сатылым, алаяқтық.
- Заңға қайшы кез келген әрекет.
4. Бұзушылық болса
- Бұғаттау — бір басу: бұл адам сізге енді кездеспейді.
- Шағым — әкімшілікке хабар. Екі түрлі адамнан шағым түссе, аккаунт автоматты түрде бұғатталады. Әкімші шағымдарды қарап, шешімді өзгерте алады.
- Өрескел бұзушылық үшін аккаунт ескертусіз жабылады.
5. Шақырулар
- Әр адамның 3 жеке шақыруы бар. Тек өзіңіз сенетін адамдарды шақырыңыз.
- Сіз шақырған екі адам бұғатталса, қалған шақыруларыңыз жабылады.
6. Ұпай, деңгей, белгілер
- Ұпай сұхбаттастардың лайктарынан жиналады. Ұпайды жасанды жолмен жинау (бір адаммен келісіп лайк қою, екінші аккаунт ашу) — бұзушылық.
- Деңгейді сұхбаттастарыңыз растайды немесе өзгертеді. Шынайы бағалаңыз.
7. Байланыс
Сұрақ, шағым, аккаунтты жою туралы өтініш: Telegram @Anuar_nurpeisov.
Ережелер өзгерсе, сайтқа келгенде хабарлаймыз.
Правила сообщества
Действуют с 19 октября 2026 года · Политика конфиденциальности
Тілдесу — место для тех, кто стесняется говорить по-казахски. Ошибаться здесь нормально. Правила нужны, чтобы всем было безопасно и комфортно.
1. Кто может участвовать
- Только люди старше 18 лет.
- Один человек — один аккаунт. Передавать аккаунт другим нельзя.
2. Во время разговора
- Старайтесь говорить по-казахски. Не можете подобрать слово — нажмите «Подскажи» или скажите по-русски: главное, чтобы разговор шёл.
- Уважайте собеседника: не высмеивайте ошибки, не перебивайте, дайте поговорить и ему.
- Не записывайте разговор без согласия собеседника и никому его не передавайте.
3. Запрещено
- Оскорбления, угрозы, преследование, унижение по национальности, религии, полу, здоровью.
- Разговоры и предложения сексуального характера.
- Просить или требовать номер телефона, адрес, аккаунты в соцсетях.
- Реклама, спам, просьбы о деньгах, продажи, мошенничество.
- Любые действия, нарушающие закон.
4. Если правила нарушены
- Блок — одно нажатие: этот человек вам больше не попадётся.
- Жалоба — сообщение администрации. После жалоб от двух разных людей аккаунт блокируется автоматически. Администратор проверяет жалобы и может изменить решение.
- За грубые нарушения аккаунт закрывается без предупреждения.
5. Приглашения
- У каждого 3 личных приглашения. Приглашайте тех, за кого можете поручиться.
- Если двух приглашённых вами людей заблокировали, ваши оставшиеся приглашения закрываются.
6. Ұпай, уровень, значки
- Ұпай начисляются за лайки собеседников. Накрутка (договорные лайки, второй аккаунт) — нарушение.
- Уровень подтверждают или меняют ваши собеседники. Оценивайте честно.
7. Связь
Вопросы, жалобы, просьба удалить аккаунт: Telegram @Anuar_nurpeisov.
Если правила изменятся, мы сообщим об этом на сайте.